Қосалқы Басқару серверлеріне бағдарламаларды орнату

Бағдарламаны қосалқы Басқару серверлеріне орнату үшін:

  1. Өзіңізге қажетті қосалқы Басқару серверлерін басқаратын Басқару серверіне қосылыңыз.
  2. Орнатылған бағдарламаға сәйкес орнату пакеті таңдалған қосалқы Басқару серверлерінің әрқайсысында екеніне көз жеткізіңіз. Егер сіз кез келген Серверден орнату пакетін таба алмасаңыз, оны таратыңыз. Бұл үшін Орнату пакетін таратуОрнату пакетін таратутапсырманы жасаңыз.
  3. Қосалқы Басқару серверлеріне бағдарламаны қашықтан орнату тапсырмасын жасаңыз. Қосалқы Басқару серверіне бағдарламаны қашықтан орнату тапсырма түрін таңдаңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері жұмысының нәтижесінде таңдалған қосалқы Басқару серверлеріне таңдалған бағдарламаны қашықтан орнату тапсырмасы жасалады.

  4. Тапсырманы қолмен іске қосыңыз немесе тапсырма параметрлерінде көрсетілген кестеге сәйкес оның іске қосылуын күтіңіз.

Қашықтан орнату тапсырмасын орындағаннан кейін, таңдалған бағдарлама қосалқы Басқару серверлеріне орнатылады.

Басына оралу